Мақсатымыз – сенімді әрі қолжетімді қызмет

Сонымен бірге көрсетілетін мемлекеттік қызметтер "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы қабылданып, жүзеге асырылуда. Бұл дегеніміз халық арасында "көк қағаз" аталып кеткен құжат енді электронды түрде алынады және осы жылғы 19 қаңтардан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің №15 бұйрығына сәйкес жеке тұрғын үй үшін берілетін жер учаскелік актінің орнына "жер учаскелік жоспар" берілетін болды.
Енді жылжымайтын мүлік саласына тоқталсақ, бөлімде салынған құрылыстың техникалық жоспары дайындалып, осы құрылысқа пайдалану құқығын тіркеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ техникалық құжат сыздыру, телнұсқасын алу қызметтері "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы көрсетіледі. Анығын айтсақ, қызмет алушы өзінің жеке электрондық кілтімен кез келген жерде электронды түрде алғаш пайдаланатын тұрғын үйді жылжымайтын мүлік дерекқорына енгізіп, техникалық паспортқа тапсырыс бере алады. Жыл бойына жылжымайтын мүлікке 850-900-дей тапсырыс түседі. Бөлім қызметкерлері тапсырыстарды уақытылы және сапалы орындайды. Ал жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу саласында жылына 2400-2500 тапсырыс қабылданады. Өткен жылдан бастап нотариалды түрде жасалған мұрагерлік тіркеу мәмілесі электронды форматқа өтті. Қызмет көрсету күні қысқарды. Бұл дегеніміз бұрын үш жұмыс күнінде атқарылатын жұмыс қазір 1 күн ішінде және заңды күші бар құжаттарға телнұсқа беру 2 жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
Байқап отырғаныңыздай, бүгінде тіркеу рәсімдерін жеңілдету, әкімшілік кедергілерді азайту мен қағазбастылықты жою мақсатында мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электронды түрде көрсетіледі. Біз цифрлық сауаттылықты дамытып, мемлекеттік қызметтерді одан әрі цифрландыра отырып, халықты цифрлық экономикаға жаппай тартуымыз керек. Сонда ғана адамзатқа ақпараттарды жылдам тарату, қажетті құжаттарға қолжетімділік мәселелері оңтайлы шешімін табатын болады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту – басты мақсат. Қазіргі таңда бұл үрдіс жылжымайтын мүлік және жер кадастры саласында да оң өзгерістермен айқындалуда. Біздің ұстанымымыз – сенімді, адал қызмет, сапалы әрі абыройлы жұмыс.
К. БАЛМАНОВ,
Арал аудандық Тіркеу және жер кадастры бойынша бөлім басшысы