Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы қалай алуға болады?

Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы қалай алуға болады?

Қазіргі таңда сотталмағаны туралы анықтама – үлкен сұранысқа ие болып тұрған анықтамалардың бірі. Яғни, «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы» анықтама оның дұрыс атауы болып табылады. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету, нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ, Egov мобильдік қосымшасы, «Электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылады. Егер бөлімге жүгінген болсаңыз, сізде өзіңізбен бірге электронды санды қолтаңбаңыз болса болғаны. Қызмет нәтижесін алу - сауалнамалық деректері бойынша ұқсастықтар болмаған жағдайда – 10 минут, ал қосымша анықтау жұмыстарын жүргізген жағдайда (қызмет алушының сауалнамалық деректеріне ұқсас деректер болған жағдайда) – 5 жұмыс күніне созылуы мүмкін.
Қызметтерді оңтайландыру шеңберінде азаматтарға жылжымалы жүйенің абоненттік қондырғысы арқылы, яғни eGov mobile мобильдік қосымшасы арқылы электрондық анықтама алу мүмкіндігі берілген. Сонымен қатар порталда «Үшінші тұлғалармен анықтама алу сервисі» жүзеге асырылған. Енді жұмыс берушілердің өздері онлайн қызметін қолдана отырып «жеке кабинет» және (немесе) sms-растау арқылы сұрау жіберілетін адамға қатысты, адамдардың келісім шарты болған кезде басқа адамдарға қатысты соттылықтың болуы немесе болмауы туралы электрондық сұрау жібере алады.
Г. ТАХАНОВА,
бөлім маманы
23 тамыз 2022 ж. 722 0