Жемқорлықтың алдын алу – жалпыға ортақ міндет

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің нақты жолдарын білуіміз қажет. Сыбайлас жемқорлықтың ерекшелігі – оның көпшілікке жария етілмеуінде. Өйткені ол екіжақты «құпия мәміле» ретінде іске асырылғандықтан, оның ашылуына екі тарапта мүделлі болмайды. Үлкен әлеуметтік қасірет саналып отырған қылмыстың бұл түрі саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлем елдерінің қай-қайсысын да қатты алаңдатуда.
Сыбайлас жемқорлық заңсыз түрде ақша алу, қымбат зат немесе заңсыз көмек алу. Лауазымдық жағдайды пайдаланып пайда табу сияқты жолдармен жасалатыны бәрімізге мәлім.
Сондықтан жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білуіміз керек. Баянды болашаққа бет түзеген тәуелсіз еліміз жемқорлықтың ел дамуын тежейтінін ескеріп, ұлт болып жұмылып, бұл кеселді жеңетініне сенеміз.
Таңшолпан Оңталапқызы,
аудандық орталық кітапхананың әдіскері