1-сынып оқушылары қалай оқиды?

Қыркүйек айында – 35 минуттан үш сабақ, қазан айынан бастап - 45 минуттан. Сабақта көзге арналған жаттығулар жасалады, - деді Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұрын бірінші сынып оқушыларында сабақ 40 минуттан болатын.
Сондай-ақ, бірінші сыныпта Көркем еңбек екі пәнге бөлінеді: Еңбекке баулу және Бейнелеу өнері.
1-сынып оқушылары үшін оқу жылының ұзақтығы - 35 апта.
1-сыныпта оқушыларды бағалау жүргізілмейді.