Дүйсенбі күнге арналған ауа райы болжамы
Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын ауқымды антициклон анықтайды, бұлтсыз және құрғақ ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Тек еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында атмосфералық фронттар жаңбыр мен найзағай анықтайды. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, солтүстікте, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі.
Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысы мен шығысында, Батыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, ал Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
kyzylorda-news.kz