Ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге дейін көтерілетін болды

"Мен ең төменгі жалақыны 60-тан 70 мың теңгеге көтеруге шешім қабылдадым. Бұл 1,8 миллион азаматтың кірісіне тікелей әсер етеді.
Ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына, ал ең жоғарысын 120%-ға дейін дәйекті түрде жеткізу қажет. Бұрын қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай жалпы зейнетақыны орта есеппен 27%-ға арттыруға мүмкіндік береді", – деді президент.