Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел болашағы – салауатты өмір салты

Ел болашағы – салауатты өмір салты

Мемлекеттің жарқын болашағын ойлайтын ел алдымен халық денсаулығына көңіл бөлетіні анық. Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқалы бері елімізде денсаулық мәселесі назардан тыс қалған емес. Иә, кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал мемлекетіміздің болашақтағы бағыты – салауатты өмір салты.
Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында еліміздегі денсаулық сақтау мәселесін де айтып өтті. «Еліміздің басты құндылығы – Адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Дегенмен, оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді.
Сондықтан, аса маңызды мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн. Соның бірі – қаржыландыру жүйесі. Осы салаға қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналған. Соның кесірінен, жұрт сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отыр. Бүгінде медициналық көмек мемлекет кепілдік берген және сақтандыру пакеті деп екіге бөлінген. Ашығын айтсақ, мұндай жүйенің тиімділігі төмен»-,деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының жолдауын қолдай отырып, денсаулық саласының жоғары деңгейде дамитынына сеніміміз мол. Адам денсаулығы – қоғам байлығы болып табылады. Осы тұста әр адам өз денсаулының мықты болу жолдарын қарастыру қажет. Еліміздің келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтауда. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»-демекші, өсіп келе жатқан ұрпақ санасына денсаулықтың маңызын түсіндіріп, олардың денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.

Лаура ЖАНЫСҚЫЗЫ,
Арал ауданаралық ауруханасы ШЖҚ КМК бас дәрігерінің
БМСК жөнінде орынбасары
02 қыркүйек 2022 ж. 1 164 0