Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жексенбі күнге арналған ауа райы болжамы

Жексенбі күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігінің күн райына бұрынғыша құрғақ болып келетін антициклон әсер етеді, деп хабарлайды Қазгидромет.
Тек Қазақстанның батысы мен солтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Республиканың батыс, солтүстік, оңтүстік бөлігінде жел күшейіп, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.
Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында, Абай, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақмола, Қостанай облыстарының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

kyzylorda-news.kz
04 қыркүйек 2022 ж. 373 0