Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

3 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде бұлтты және құрғақ күн райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Тек солтүстік-батыста, солтүстікте және батыста атмосфералық фронттардың өтуімен өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, батыста шаңды дауыл тұрады.

Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде, Батыс Қазақстан, Абай, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі болады. Ақмола, Қостанай облыстарының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

kyzylorda-news.kz
03 қыркүйек 2022 ж. 518 0