Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шай адам өмірін ұзартуға көмектеседі

Шай адам өмірін ұзартуға көмектеседі

Шайды біреу зиян десе, енді біреуі пайдалы дейді. Екі жақтың да уәжі бар. Кейде қайсына сенерімізді білмей кетеміз.

Дегенмен АҚШ-тың Ұлттық денсаулық сақтау институты шайдың зияны бар ма әлде жоқ па деген сауалдың жауабын табу үшін бұрын-соңды болмаған ірі зерттеу жұмысын жүргізіп, шай пайдалы деген қорытындыға келді.

Мамандар Ұлыбританияның Биобанкінде сақталған 500 мың адамның деректерін талдап, шай ішуді әдетке айналдырғандардың өмірі оны ішпегендермен салыстырғанда ұзағырақ болған. Шамамен ғұмыр жасы 13 пайызға ұзарған адамдар көп болған көрінеді.

Бұл – әзірше әлемдегі ең үлкен зерттеу жұмысы. Ағылшындар өте шайқұмар келеді. Сондықтан ағылшындардың дерегі зерттеуге алынған.

Ғалымдар шайдың құрамында антиоксидант пен дәрумендер мол болатынын айтады. Бұлар адам денсаулығын, әсіресе, иммунитетін жақсартып, "жақсы" холестеринді көбейтеді, артериалды қан қысымын реттеп, қандағы қант деңгейін түсіретін көрінеді.

Ағылшындар күніне 100 млн кесе шай ішеді. Бірақ қазір әлемде шайдың орнына кофе басып келеді. Кейінгі ұрпақ кофеман боп барады.

Бір айта кетерлігі, шайды тағаммен емес, бөлек отырып ішкен көбірек пайдалы деседі.

massaget.kz
07 қыркүйек 2022 ж. 297 0