Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның оңтүстігінде, батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында күн күркіреп, жаңбыр жауады.

«Еліміздің қалған аймағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың басым бөлігінде жел соғады, оңтүстікте боран, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман күтіледі», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының оңтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі жалғасады.
08 қыркүйек 2022 ж. 204 0