Демалыста өтетін Қызылорда облысының жәрмеңкесінде не ұсынылады?

Өз кезегінде Қызылорда облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев жәрмеңкеге Сыр диқандары дайындықпен келгенін айтты.
Бұл жәрмеңкеге Сыр елінің 70-тен астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері келіп отыр. Біздің бренд-ақ күрішіміз бар. 500 тоннадан астам 30 өнім ұсынылады. Оның ішінде 100 тоннасы күрішті құрап отыр. Облыстан 70-тен астам көлік шықты. Оның басы елордаға жетті. Ертең сағат 9:00-да жәрмеңке жұмысын бастайды. Жәрмеңкедегі баға орташа нарықтағыдан 10-15 пайызға арзан болады, - деді ол.
baq.kz