Қызылордада 1 адам коронавирус жұқтырса, 2 адам індеттен айықты
Өткен тәулікте елімізде коронавирус 197 адамнан анықталды. Сондай-ақ 398 науқас індеттен айықты, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Коронавирус науқастары анықталған өңірлер:
Нұр-Сұлтан қаласы – 35, Алматы қаласы – 17, Шымкент қаласы – 1, Ақмола облысы – 21, Ақтөбе облысы – 5, Алматы облысы – 1, Жетісу облысы – 1, Атырау облысы – 4, Шығыс Қазақстан облысы – 3, Абай облысы – 4, Жамбыл облысы – 1, Батыс Қазақстан облысы – 17, Қарағанды облысы – 41, Ұлытау облысы – 2, Қостанай облысы – 17, Қызылорда облысы – 1, Маңғыстау облысы – 4, Павлодар облысы – 8, Солтүстік Қазақстан облысы – 13, Түркістан облысы – 1.
Жазылғандардың ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында – 28, Алматы қаласында – 32, Алматы облысында – 5, Жетісу облысында – 6, Шығыс Қазақстан облысында – 3, Абай облысында – 12, Жамбыл облысында – 24, Батыс Қазақстан облысында – 70, Қарағанды облысында – 25, Ұлытау облысында – 4, Қызылорда облысында – 2, Маңғыстау облысында – 28, Павлодар облысында – 43, Солтүстік Қазақстан облысында – 116.
Жалпы пандемия басталғалы елімізде коронавирус 1 391 932 адамнан анықталса, соның ішінде 1 363 356 науқас сауығып шықты.
kyzylorda-news.kz