Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2028 жылдан кейін әйелдер қайтадан 63 жаста зейнетке шыға ма: Министр жауап берді

2028 жылдан кейін әйелдер қайтадан 63 жаста зейнетке шыға ма: Министр жауап берді

Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары VII съезінің жалпы отырыс кулуарында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға БАҚ өкілдері 2028 жылдан кейін әйелдер зейнетке неше жастан бастап шығатынын сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мемлекет басшысы Жолдауында айтқаннан кейін заңға тиісті өзгерістер енгізіп, Үкімет құрамындағы азаматтардың бәрімен келістік. Енді Мәжіліске енгізгелі отырмыз", - деп жауап берді министр.

Сондай-ақ ол қазақстандық әйелдер 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 61 жасында зейнетке шығап бастайтынын еске салды.

"Иә бұл норма 2028 жылға дейін күшінде болады. 2028 жылдан кейін көреміз. Зейнеткерлік жасы өмір ұзақтығына, денсаулығына, зейнетақының мөлшеріне байланысты белгіленеді. 2028 жылға дейін осы мәселелер бойынша қараймыз. Ары қарай уақыт көрсетеді", - деді Тамара Дүйсенова.
14 қыркүйек 2022 ж. 463 0