Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін өспейді

Әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін өспейді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақыға қатысты қандай өзгеріс болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мемлекет ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізеді, бұл оның мөлшерін кезең-кезеңімен арттыруға мүмкіндік береді.

Алда зейнетақы жүйесін айтарлықтай қайта жүктеу керек. Зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ал ең жоғары мөлшерлемесін 120 пайызға дейін дәйекті түрде жеткізу керек. Бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік береді», деді Президент.

Сонымен қатар, әлеуметтік сұранысты ескере отырып, әйелдер үшін зейнеткерлік жас деңгейі 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде белгіленеді.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеу қажет», деді Қ.Тоқаев.
01 қыркүйек 2022 ж. 299 0