Қызылордалық құтқарушылар «Қазқұтқару-2022» оқу-жаттығуына қатысуда

5-22 қыркүйек аралығында «Қазқұтқару-2022» кешенді тактикалық оқу-жаттығу шеңберінде Халықаралық азаматтық қорғау ұйымының қатысуымен Орталық Азия мемлекеттерінің төтенше ведомстволарының кинологиялық қызметтеріне арналған мастер-тренинг өтуде.
Құтқарушылар «Темір жолдағы ТЖ», «Жол-көлік оқиғасы», «Құтқару жұмыстары», «Форт», «Лабиринт», «Химия», «Каньон» және басқа да жарыстарға қатысады.
Сондай-ақ оқу-жаттығу шеңберінде Орталық Азия мемлекеттері төтенше ведомстволарының кинологиялық қызметтеріне арналған тренингтер өтеді.
kyzylorda-news.kz