4 қарашада «Атамекен» ҰКП съезі өтеді
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҰКП Төралқасы съезді шақыру туралы шешім қабылдағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Съезд 2022 жылдың 4 қарашасында өтеді.
Өтетін орны: Астана қаласы Достық көшесі, 16 үй (The Ritz-Carlton, Astana қонақүйі).
Тіркеу: сағат 9.00-10.00
Съезді өткізу формасы: офлайн (шектеу шараларын енгізген жағдайда бейнебайланыс конференциясын пайдалану форматында қашықтан жұмыс істеу).
Күн тәртібі:
Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының өңірлік палаталарын құру; Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кәсіпкерлер палаталары өңірлік кеңестерінің сандық құрамын айқындау туралы;
ҰКП басқару органдарының кейбір мәселесі:
ҚР ҰКП Төралқасының жекелеген мүшелерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және сайлау;
ҚР ҰКП басқармасының өкілеттік мерзімін бекіту.
ҚР ҰКП-ның үш жылдық кезеңге арналған (2023-2025 жж.) индикативтік орта мерзімді бюджетін бекіту;
«Аудиторская компания «Учет» ЖШС-ның (Due Diligence қызметтер кешені) ҚР ҰКП қызметіне жүргізген кешенді талдауының қорытындылары;
ҚР ҰКП Тексеру комиссиясының жылдық есебін бекіту;
Тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелерін сайлау;
ҚР ҰКП 2021 жылғы қызметінің қорытындыларына қатысты жыл сайынғы есепті бекіту;
«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР Заңына ұсынылатын өзгерістерді қоса алғанда, ҚР ҰКП реформалау бойынша ҚР ҰКП кезектен тыс ІХ съезі шешімінің орындалу барысы;
Әртүрлі мәселе.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар электрондық байланыс арқылы съезд өтетін күнге дейін қатысушылардың атына қосымша жолданады.
Анықтама телефондары: +7(7172) 91-93-90, 1432.