Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бауыр ауруының алдын алу үшін не жеу керек?

Бауыр ауруының алдын алу үшін не жеу керек?

Денсаулыққа зиян тағамдарды жеу және ішімдік ішу бауырдың май басуына әкелуі мүмкін. Бастапқыда оның симптомдары байқалмайды - оны тіпті ALT және AST анализдері арқылы да байқау мүмкін емес, бірақ егер ол асқынып кетсе, салдары өлімге әкелуі мүмкін.

Диетолог бауырдың май басуының алғашқы белгілері пайда болған жағдайда не істеп,  бауырды емдеу үшін қалай дұрыс тамақтану керегін түсіндірді, - деп хабарлайды doctorpiter.ru.

"Адам бұл ауруды бірден сезбейді. Алдымен өзін шаршаңқы сезіне бастайды, кейін тіпті іштің ауырлығын сезеді. Егер бұл жағдайда дер кезінде дәрігерге қаралмаса, онда бауырда қабыну процесі күшейіп, қатерлі ісікке дейін жетуі мүмкін. Бірақ мұның алдын алуға болады", - дейді дәрігер.

Дәрігер түрлі диетадан бас тартуға кеңес береді. Диета тіпті жағдайды ушықтыруы мүмкін. Қолыңыздан келсе, фруктозада, қант, ішімдіктен өзіңізді шектеп, аз тұз жеп, көмірсулары бай тағам жеу керегін, дәнді дақылдар, рапс және зәйтүн майына назар аудару керегін айтты. Сондай-ақ, күніне кемінде 3 рет көкөніс жеу керек екен.

Бауырды қалай жақсартуға болады - диетолог ұсынған мәзір

Таңғы ас

Жеміс қосылған сұлы жармасы, жаңғақтар, зығыр және бидай кебегі қосылған қарапайым йогурт немесе майсыздандырылған сүт.

Таңғы астан кейін ірімшік пен қияр қосылған бидай ұнынан нан жесеңіз болады.

Түскі ас

Танымал және тиімді Гарвард тәрелкесі ережесін қолданыңыз. Тәрелкенің жартысы крахмалы жоқ түрлі көкөністер мен жемістер болуы керек. Оларды қайнатуға, пісіруге немесе шикі түрде жеуге болады.

Тәрелкенің екінші жартысын тағы екі бөлікке бөлу керек. Біріншісі - пайдалы ақуыздар (балық, құс еті, теңіз өнімдері, бұршақ дақылдары, сүзбе), екіншісі - күрделі көмірсулар, яғни қарақұмық, тазартылмаған күріш, сұлы жармасы, бидайдан жасалған макарон, дәнді нан. Десертке аздап жеміс қосуға болады.

Кешкі ас

Жеңіл кешкі ас үшін, мысалы, Пекин қырыққабатынан және өсімдік майы қосылған басқа көкөністерден салат жасап жегеніңіз дұрыс. Сіз оны күнбағыс немесе асқабақ тұқымымен, бір немесе екі жұмыртқамен, 50 грамм фета ірімшігімен немесе жарты шар моцарелла қосып жесеңіз болады.

massaget.kz
21 қыркүйек 2022 ж. 1 250 0