Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігерлер іште жиналған майдың неліктен қауіпті екенін түсіндірді

Дәрігерлер іште жиналған майдың неліктен қауіпті екенін түсіндірді

Іштегі екі артық қыртыс адамның сәнін кетіріп қана қоймайды, оның денсаулығына да айтарлықтай зиян әкеледі. Егер адамнің іші тола бастаса, май ішкі ағза жүйесінде қордаланып қалатыны шындық.



Ер адамдарда кездесетін сыра қарынды көпшілік әйелдер ұнатып жатады. Және де мұндай мес қарындардың саны соңғы кездері БАҚ құралдарында трендке айналғандай. Алайда сол қарынмен бірге ішкі ағзаның айналасын зақымдайтын майдың жиналуы да мүмкін екенін білген дұрыс.

Неміс дәрігері, диетология және ішкі медицина саласының маманы Maттиac Pидл сыртқы майдан висцеральды майдың қалай ерекшеленетіндігін әңгімелеп берді. Іш май – классикалық тұрғыдағы тері астындағы тін. Алайда ең қауіптісі ол тін емес, бізге көрінбейтін май екені белгілі.

«Висцералды май – зиянды заттарды өндіретін темір, ағзада қабыну реакциясын тудырады», – деп түсіндіреді дәрігер Pидл. 
Висцералды майдың көп көлемі бар науқастарда қабыну маркері жүз есе ұлғайған. Бұл жүрек-қан тамыр жүйесіне әжептәуір ауырлық жүктейді, тіпті атеросклероздың дамуына түрткі болады. Егер іштегі май қан қысымының жоғарылауымен бірге жүрсе, ағзадағы қант мөлшері көтерілсе, бұл науқастың дәрігерге міндетті түрде барғаны дұрыс. Мұндай белгілер инсульт пен инфарктың орын алуына  жағдай жасайды.

Висцералды май және оның бірге жүретін симптомдары бүйрекке де теріс әсер етеді. «Бүйрек жетіспеушілігі кезінде және диализді жүргізуді жалғастыру бар болғаны жеті жылды қамтиды», дейді дәрігер Ридл. Бұл ер адамдарға да, әйел адамдарға да тең дәрежеде әсер етіп отырады.

Висцералды май мен қабыну туындаған кезде деменцияның дамуы белең алады. Мұндай ауру көбіне әйел адамдарда ұшырасады. Висцералды майдың пайда болу себептері бірінші кезекте аз қимылдау мен дұрыс тамақтанбау нәтижесінің көрінісі болады.

Ридлдың айтуы бойынша адамдар қант пен көмірсутегіні тұтынуды шектеу керек. «Біздің тағамымызда күріш, нан және макарон өнімдері өте көп. Бұл егер адам белсенді түрде қимылдаса, ештеңе етпейтіні белгілі. Ал олай  болмаған жағдайда май жасушаларында жиналып қалған көмірсутегі денсаулыққа зиянды висцералды майға айналып шыға келуі әбден мүмкін».

Мұндай проблема балаларда да ұшырасуы үлкен өзекті мәселе болып отыр. Майдың соншалықты көп екенін қалай білуге болады? Өлшеуіш көмегімен ішіңіздің көлемін өлшеп көріңіз. Егер әйел адамдарда бел 88 cм-ден, ал ер адамдарда 102 см-ден асқан жағдайда мұндай адамдарға Ридл біраз уақыт бойы ішімдік пен майлы тағам тұтынудан бас тартуға кеңес береді. Сондай-ақ спортпен шұғылдануды дереу бастау керек.

Аптасына 45 минуттан үш рет міндетті түрде жаттығу жасаған дұрыс. Бұл жағдайда сіз үшін спорт жазалау іспетті болуы тиіс. Мәселен, сізге жүзу ұнамаса, тез жүруді таңдасаңыз болады.
http://reactor.inform.kz/​​​
19 мамыр 2018 ж. 2 758 0