Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Абай ауданының солтүстігінде түнде 2 градус үсік күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз батыста, облыстың оңтүстігінде 15-18 м/с жел соғады. Облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі жалғасады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
Жетісу облысының таулы аймақтарында күндіз найзағай күтіледі. Алакөл ауданында оңтүстік-шығыстан екпіні 25 м/с жел соғады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстігі мен Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының тау асуларында шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Ауданның басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.