Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет синоптиктері жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклон Қазақстанның батыс өңіріне әсер етеді, содан кейін шығыс бағытқа және елдің қалған аумағына ауысады. Соның әсерінен жаңбыр жауады.

«25 қыркүйекте батыста жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жауады. Келесі аптаның басында Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын күтіледі. Қазақстанның оңтүстік-шығысында тек таулы және тау бөктеріндегі аудандарда өткінші жаңбыр жауады», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ауа температурасы төмендейді.

«Ауа температурасы республиканың басым бөлігінде төмендейді. Еліміздің батысында күндіз 22-33 градустан 9-22 градусқа дейін, солтүстік-батыста 25-32 градустан 10-23 градусқа дейін, солтүстікте 23-30 градустан 5-20 градусқа дейін, орталықта 22-32 градустан 20-28 градусқа дейін, Қызылорда облысында 30-35 градустан 17-25 градусқа дейін жылы болады. Елдің оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде ауа температурасы 25-35 градус жылы болады», – делінген хабарламада.

kyzylorda-news.kz
25 қыркүйек 2022 ж. 346 0