Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудиторлық іс-шара жүргізілді

Аудиторлық іс-шара жүргізілді

Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудиті департаменті тарапынан Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының №4 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2021 жылдың 14 желтоқсанында аудиторлық іс-шара жүргізілді.
Аудит барысында, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414 Еңбек Кодексінің 127-бабының 2-тармағының, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №1006 «Оқу жаттығу сабақтарын және спорттық іс-шараларға қатысушылардың тамақтану нормаларының шығыстарын белгілеу туралы» бұйрығының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу Қағидасының 225 тармағының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы №1210 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы» Қаулысының 9-тармағы, ҚР Бюджет кодексінің 97-бабы 6-тармағының және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 272-бабының талаптары сақталмау салдарынан жалпы 23 200,7 мың теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды.
29 қыркүйек 2022 ж. 396 0