Арал аудандық ауылшаруашылығы бөліміндегі аудит нәтижесі

Жүргізілген сәйкестік аудитінің ішкі мемлекеттік аудитімен рәсімдік сипаттағы жалпы сомасы 13 525,5 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодекстің 180-бап, 3-тармағының және №1 тапсырма келісім шарттың 2 бөлімнің 2,7 тармағының талаптары сақталмай, құжаттарды Қабылдап алу-тапсыру актісіне екі жақты қол қойылмаса да сенім білдіруші Сенім білдірген өкілге «Агент»-тің есеп шотына 4-маманға тиісті 13 525,5 мың теңге қаражат алдын-ала аударылып берілген, ал Сенім білдірген өкілге «Агент»-ке жинақталған құжаттарды екі жақты қол қойылған Қабылдап алу-тапсыру актісі мерзімінен кеш тапсырылған.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 5-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес аудиторлық тексерістің материалдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне қарауға және процессуалдық шешім қабылдау мақсатында жолданды.