Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлықпен күрес – азаматтың борышы

Жемқорлықпен күрес – азаматтың борышы

Қазіргі заманғы мемлекеттердің жан-жақты дамуына сыбайлас жемқорлық кері әсер етіп отырғаны рас. Қоғамдағы бұл дертпен күресу – еліміздің әрбір азаматының борышы. Әсіресе мемлекеттік қызметшілер бұл күресте үлкен ыждағат таныту керек. Және де бір сәт те селқостық танытуға болмайды.
Біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының базалық бағыттары нақты белгіленген. Ел Президенті Қ.К.Тоқаев еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері  жөнінде кеңес өткізді. Осы кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің стратегиялық дамуының нагізгі басымдықтарының бірі екенін айтты. Заң талабы аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып беленділік танытуымыз керек.
Егер мемлекеттік қызметінде дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, ол мұндай құқық бұзушылықты болдырмау және тоқтату жөніндегі қажетті шараларды қабылдауға, оның ішінде жоғарыда тұрған басшыға және өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу ақпарат беруге тиіс.
Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.
Біздің ауылдық округ көлемінде сыбайлас жемқорлық орын алған жоқ. Осы бағытта атқарылатын шаралардың жоспары жасалып қойылған. Ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді. Барлық қызметімізде ашықтық жолға қойылған.
Қ. Нұрпейісов,
Райым ауылдық округінің бас маманы
29 қыркүйек 2022 ж. 236 0