Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Суық мезгілде қол терісіне қалай күтім жасаймыз?

Суық мезгілде қол терісіне қалай күтім жасаймыз?

Дерматолог Юлия Галлямова Sputnik радиосына берген сұхбатында суық мезгілде қол терісіне күтім жасаудың маңыздылығы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігердің сөзінше, қолдың құрғақ болуы қатты желден, температураның күрт өзгеруінен болады. Уақытында тиісті күтім болмаса, онда жарықтар пайда болып, ішінен қан кетуі мүмкін.

Маман тері құрғап кетсе және жарылса оны елемеуге болмайтынын айтады. 

"Суық ауа райында құрғақ және жарылған қол терісі барлық инфекция үшін адам ағзасына кіретін қақпа. Сонымен қатар, мұндай тері аллергиялық аурулардың немесе экземаның (тері жұқпалы емес қабыну ауруы-еск.) дамуына әкелуі мүмкін", - дейді дәрігер.

Галлямова майлы кремдер қолдың терісін қалыпқа келтіруге көмектесетінін айтады.

"Мен суық мезгілде құрамында ланолин немесе тіпті вазелин бар крем сатып алуға кеңес беремін. Яғни крем теріде тығыз окклюзиялық жабын жасау керек, әсіресе сыртқа шықпас бұрын", - деді дәрігер.
03 қазан 2022 ж. 403 0