Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Айбынды Аралым

Айбынды Аралым

Арал қаласы әлемге ертегі теңіз атанған, айдынды Арал теңізімен танымалы екені белгілі. Даладай дархан кең пейілді тұрғындары бар. Арал қаласы қазіргі таңда құлашын көкке сермеген үлкен алып шаһарға айналғалы қашан.
Туған жерім дегенде ерекше толқымайтын жан кем де кем. Ия, шынымен де, Айбынды Арал үшін тер төкпеген туған елдің төл перзенттері жоқтың қасы.
Тарихқа көз жүгіртсек, Аралдың шалқығанын, тасығанын, өскенін, сонымен қатар жұқарғанын, солғанын, тартылғанын көреміз. Бірақ келешегінің кемел, болашағының жарқын екені бүгінгі күннің айшықты белестерінен аңғаруға болады.
Туған жеріміздің экономикасының қарыштап дамуы, үлкен жоспарлар мен қажырлы еңбектің арқасында. Арал қаласы әлемге теңіз маржандарымен , ақ алтынға баланған тұз өнімімен танымал екені белгілі. Тартылған теңізге қайта дем беріп, өткен кезеңдердегі уақытқа жету үшін, Арал теңізі әлем назарынан тыс қалмады. Елдің атқамінер ер азаматтары теңіздің бүгіні мен келешегіне үлкен үмітпен қарап ,соған сәйкес бірнеше жобалар аясында тер төгіп жатқаны белгілі.
Еліміздің тағдырына, қаламыздың гулденуіне мәдениетіміздің майталман-дары, әдебиетіміздің жауһар жыр иелері де алаңдайды, жазбаларына арқау етеді. Туған жерін жырына, шығармаларына қосып жырлап өткен З.Шүкіров, Ш.Сариев, Ж.Әбдірашев, Б. Тәңірбергенов, С.Сейітмағанбетов, Т.Абылаев сынды ақындарымыз да бар.
Арал қаласына биыл 95 жыл толып отыр. Бұл дегеніміз- қаламыздың жаңа парағы ашылды деген сөз. Біз жасаған Арал, біз көрген Арал енді біздің мақтанышымызға айналары сөзсіз. Талайға таңдай қақтырар туған өлкенің даму жолын бірге жасайық.
Шағаласы саңқылдап, жағалауы шарқ ұрған Айдынды Арал мәңгі жасамақ. Туған өлкенің әрбір перзенті қаламыздың тарихын тек жарқын белестерге толтырып, дамуына сүбелі үлес қосады деп сенім білдіремін. Жасасын Арал, жасасын!
Успанова Гульжанат Боранбайқызы,
Ж.Әбдірашев атындағы
№62 мектеп-лицейінің мұғалімі
03 қазан 2022 ж. 868 0