Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бұл Жолдаудан күтеріміз көп

Бұл Жолдаудан күтеріміз көп

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа ғана парламенттің бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына реформалы Жолдауын ұсынды. Президент бұл Жолдаудың маңызды екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев: Өздеріңізбен бірге «Жаңа Қазақстанды» құруға кірістік
«Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі 1 жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік», - деді Президент.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы алдағы уақытта Қазақстан жаңа реформалы мемлекетке айналатынын, парламент пен мәслихаттар жұмысы жүйленетінін атап өтті.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы «Парламент республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылауды күшейтуі қажет. Осы орайда, Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құруды ұсынамын» деді.
Бүгінгі бастамалар еліміздің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымын едәуір өзгертеді. Оны жүзеге асыру үшін Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу қажет. Жылдың соңына дейін тағы 20-дан астам заң қабылданады- деді президент.
Мемлекет басшысының бұл жолдауы жаңа Қазақстанды құрудағы ең реформалы кезеңі болады деп есептеймін.
Әліби ӘБІЛБАЕВ,
"Жастар" БПҰ төрағасы
04 қазан 2022 ж. 396 0