Жолдауды толық қолдаймын

Қасым-Жомарт Тоқаевтың негізгі саяси ұстанымдарының бірі – ашықтық және қоғаммен тығыз қарым-қатынас орнату. Ел азаматтарын, отанымыздың алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, терең білім алып, ерінбей еңбек етуге шақырады. Жолдауда айқындалған бағыттар өңіріміздің экономикалық өсімін жеделдетіп, халықтың әл-ауқатын жақсартуда маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Ең бастысы - еліміздің егемендігі. Шын мәнінде, біз үшін Қазақстанның тәуелсіздігі бәрінен қымбат.
Сондықтанда қоғамның әлеуметтік бірлігін нығайту үшін жігерімізді жанып, зор ынтамен іске кірісуіміз қажет.
Ендеше елдің ертеңіне алаңдаған ел президентінің жаңа бастамаларына қолдау білдіріп, жүктеген міндеттерге жауапкершілікпен қарап және оның орындалуында біз де бірлесе атсалысайық!
Асанбаев Арғынбай Балпашұлы,
аудандық мәслихаттың депутаты