Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мемлекеттік бақылау жүргізілуде

Қызылордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мемлекеттік бақылау жүргізілуде

ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағаларына мемлекеттік бақылау жүргізілуде.

Жыл басынан бері Қызылорда облысында 45 сауда нысанына жоспардан тыс тексерулер тағайындалып, бүгінгі күні 40 сауда нысанына тексеру жұмыстары аяқталды.

Оның ішінде Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарында орналасқан 33 нысанында картоп, пияз, сәбіз, рожки, күнбағыс майы, тауық еті, қант, күріш, ас тұзы, жұмыртқа, ұн, нан өнімдеріне сауда үстемесін сақтау бөлігінде заң бұзушылығы анықталып, әкімшілік шарасы қолданылса, Қызылорда қаласындағы 7 нысанда заң бұзушылықтар анықталмаған, қалған 5 сауда нысандары бойынша тексеру жұмыстары жалғасуда.

Тұрғындардың көп жағдайларда үй жанындағы дүкендер мен шағын маркеттердің қызметіне жүгінетінін ескере отырып, бірінші кезекте осы нысандарға бағаны негісіз өсірудің жауапкершіліктері ескертілді. Бұл жұмыстар аясында 2 192 кәсіпкерлік субъектісіне хабарламалар беріліп, аталған нысандарға апта сайын мониторинг жүргізілуде.

kyzylorda-news.kz
05 қазан 2022 ж. 240 0