12 қазанға арналған ауа райы болжамы
12 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде кең антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Қара теңіз аудандарынан келетін циклонның әсерінен еліміздің батысында жаңбыр жауады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Сондай-ақ батыста, оңтүстік-шығыс пен шығыста желдің күшеюі, шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарының таулы аудандарында тұман күтіледі.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында 3 градус үсік сақталады.