Қызылордада «Алтын дән - 2022» шарасы өтеді

Жәрмеңкеде Сыр диқандары мен шаруалар өндірген өнімдерін төмен бағада ұсынатын болады. Құрметті қала тұрғындары мен қала қонақтары жәрмеңкеге келіп, Сыр диқандарының тартуын қабыл алыңыздар!
Ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесінің өтетін орындары:
Арал ауданы - С. Торайғыров көшесінің бойы (Қорқыт Ата мен Исаев көшелерінің аралығы);
Қазалы ауданы - «Шұғыла» мөлтек ауданы (Ғ. Мұратбаев көшесі мен Қ. Яссауи көшесінің қиылысы);
Қармақшы ауданы - «Журба» көшесінің бойы (Сахи Романов көшесі мен Саламатов көшесінің аралығы);
Жалағаш ауданы – Титов қыстағы (Ә. Қашаубаев пен Жетікөл көшелерінің қиылысы);
Сырдария ауданы - Жанқожа батыр көшесі (Реалбаза алды);
Шиелі ауданы - Тасбөгет кенті (Орталық алаңы);
Жаңақорған ауданы - Астана даңғылы бойы (Е. Көшербаев көшесі мен А. Иманов көшесінің аралығы);
Қызылорда қаласы - Тағзым алаңының алды.

kyzylorda-news.kz