Электр станция қызметкерлері жолдауды қолдайды

Президентіміз «Монополияның табысын шектеу қажеттігі мен инфрақұрылымға инвестиция салуды қамтамасыз ету арасында тепе-теңдікті сақтау маңызды» дей келе, еліміздегі электр қуатымен қамтамасыз ететін желілердің үштен екісінің ескіргенін айтып өткен болатын. Сонымен қатар Жолдауда тарифтерді күшпен ұстап тұрудың ақыры соның бәрін кезекпен өшіруге және түрлі апатты жағдайлардың туындауына, азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төнуіне әкеп соқтырады делінген еді.
Жоғарыдағыдай мәселелердің шешімі ретінде монополиялы нарықтарда «Тарифті инвестицияға айырбастау» деген жаңа тариф саясатына көшу керек, желілер мен қуат көздерінің тозу деңгейін кемінде 15 пайызға азайту қажет деген нақты міндеттер қойылды.
Электр станциясының қызметкерлері өз салаларындағы оң бастамаларды жақсы қабылдап, Жолдаудағы нақты мақсаттардың жүзеге асыруға жұмыла кірісетінін жеткізді.
"Толқын" ақпарат