Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұтынушылардың игілігі үшін

Тұтынушылардың игілігі үшін

Еліміздің басты заңына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде айқындап, оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатындығы айтылған.
Осыған байланысты нарықтық қатынастарда тұтынушыны барынша қорғау мақсатында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамаға үнемі жүйелі түрде өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырылады. Бұл ретте Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша уәкілетті орган заң жобасын әзірледі, ол елдің ақпараттық алаңында белсенді талқылануда және мемлекеттік органдармен бірлесіп пысықталуда.Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасының негізгі аспектілерін атап өткен жөн.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі омбудсман институтын енгізу және заңнамалық бекіту есебінен тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін институционалдық күшейту.Омбудсман мәртебесі Қазақстан тұтынушыларыныңқұқықтарын қорғаусаласының жүйелі проблемаларын оларды шешу жолдарын талқылау үшін мемлекеттік биліктің жоғары эшелонына шығаруға мүмкіндік береді.
Осылайша, омбудсман халық пен қоғамдық бірлестіктердің дауысы ретінде қызмет ететін болады, ол тұтынушылардың құқықтары бұзылған салалардың қазіргі проблемаларын мемлекеттік биліктің бірінші тұлғаларына тікелей жеткізеді. Мемлекет тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсман институты үшін оның негізгі міндеттерін айқындай отырып, оның ұлттық та, халықаралық та деңгейлерде өз функцияларын тиімді орындауы үшін тәуелсіздігіне кепілдік бере отырып, берік құқықтық негізді қамтамасыз етуге тиіс.
Баршаңызға белгілі қазіргі уақытта тұтынушылардың шағымдарын қарау мен шешудің үш сатылы жүйесі енгізілді (1 – кезең – сатушы және дауларды сотқа дейін реттеу субъектілері, 2 – кезең-мемлекеттік органдар, 3-кезең-сот). Соттар мемлекеттік органдарға жүгіну кезеңін сақтауды талап етеді. Сондықтан азаматтың сот арқылы қорғалуына конституциялық құқықтарының сақталуын ескере отырып, іс-шаралар реттілігінің тетігін қайта қарау қажет.
Бүгінгі таңда тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінде қаражаттың болмауы және де базаларының материалдық-техникалық жарақтануының төмен болуы олардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыстарына кедергі келтіруде. Бұл ретте тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне тұтынушыға өтелетін сомадан сыйақы есептеу жөніндегі институт сияқты қоғамдық бірлестіктерді қаржылық қамтамасыз ету қаралмаған. Бүгінгі күні жауапкерден заңды тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың) сомасын тұтынушылардың қоғамдық бірлестігіне аудару туралы норма жоқ, бірақ бұрын "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы "Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының 1991 жылғы 5 маусымдағы Заңында болған. Аталған ұсыныс оны қаржыландырудың қосымша көзі болады және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қазіргі қоғамдық бірлестіктердің қаржылық тәуелсіздігіне демеу болады.
Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің ақпараты бойынша, олар коммуналдық, әлеуметтік, медициналық, туристік және өзге де қызметтер салаларында тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау проблемаларына жиі тап болады. Алайда, заң шығарушы Заңның 2-бабының 2-тармағында осы салалардағы тұтынушыларға қызмет көрсетудің жеке ерекшелігі тұтынушылардың коммуналдық, қаржылық, әлеуметтік, медициналық, туристік және өзге де қызметтер саласындағы құқықтарын, сондай-ақ оларды қорғау мәселелерін Қазақстан Республикасының салалық заңдарында белгілеуді талап етеді деп есептеген. Дегенмен, осы көрсетілген қызмет салаларына тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңның негізгі қағидаттары кең таралуы керек деп есептейміз.
Интернет арқылы, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы тауарларды сатып алу және төлеу кезінде тұтынушылар алдау мен алаяқтыққа жиі тап болатыны құпия емес. Бұл ретте қашықтықтан тауар сату кезінде (электрондық сауда алаңдарында) нақты құқықтық реттеуді белгілеу қажет. Атап айтқанда:
электрондық сауда саласында тұтынушы мен сатушы (дайындаушы, орындаушы) арасындағы шарттың үлгі нысанын белгілеу;
тұтынушыға тауарды жеке иеленуге кіріскенге дейін шартты бұзу құқығын іске асыру мүмкіндігін беру;
электрондық саудада тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді адал өткізушілердің тізілімін белгілеу;
сатушының тұтынушыға ақшаны қайтару тетігін белгілеуі;
Тұтастай алғанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға ұсынылатын түзетулер тұтынушының қанағаттанушылығын қамтамасыз етіп, әлеуметтік тепе теңдікті қалыптастыруда оң нәтиже береді. Әзірленген жаңашылықтарды заңнамалық тұрғыдан бекіту тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін неғұрлым жоғары сапалы деңгейге көтереді және қазақстандықтардың өмірінде жағымды өзгерістерге әкеледі.
14 қазан 2022 ж. 447 0