Баланың туу туралы куәлігі енді Kaspi.kz қосымшасында
Енді ата-аналарға куәлікті ресімдеуге уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Құжатты онлайн ресімдеп, ал оған кететін уақытты сәбиін күтуге арнай алады. Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі: «Біз қазақстандық отбасылар үшін инновациялық сервистерді үнемі дамытып отырамыз. Қазірдің өзінде Әлеуметтік шот ашу, бала тууға байланысты жәрдемақыны және бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді ресімдеу сервистерін іске қостық. Енді Kaspi.kz мобильді қосымшамызда баланың туу туралы куәлігін ресімдеуге болады. Бұл сервисті біз Әділет министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Цифрландыру министрлігімен және «ҰАТ» АҚ-пен бірлесіп іске қостық. Мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметтердің әр қазақстандыққа қолжетімді болуына мүмкіндік бергені үшін, ал барлық сүйікті клиенттерімізге бізбен бірге болғаны үшін мың алғыс!» Бағдат Мусин, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі: «Біз азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейту жұмысын жалғастырамыз. Бала туылған кезде Қазақстан азаматтарына жәрдемақы ресімдеу үшін SMS-хабарлама мен баланың туу туралы куәлігін ресімдеу бойынша өтініш келеді.
Енді куәлікті Kaspi.kz қосымшасында ресімдеуге болады». Цифрландыру министрлігі құрған мемлекет пен бизнестің өзара әрекет ету форматы кең тараған қосымшаларға ыңғайлы және пайдалы қызметтерді ендіруге мүмкіндік береді. Бұл механизм азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алуын жеңілдетеді. Туу туралы куәлік алуға өтінімді тура Kaspi.kz қосымшасында беруге болады. Өтінімде баланың есімі мен ата-анасының деректерін енгізу керек, содан кейін куәлікті алатын ХҚКО-ны таңдауыңыз керек. Өтінім берген кезде ата-ана Kaspi.kz қосымшасында бейнеанықтау рәсімінен өтуі керек – смартфонның камерасына бет әлпетін көрсетуі керек. Бұл құжаттарыңызға бөгде адамдардың қол жеткізуіне жол бермеу үшін жасалды. Мемлекеттік органдар өтінімді екі күнде қарастырады. Куәлік Kaspi.kz қосымшасында «Цифрлық құжаттар» бөлімінде қолжетімді болады. Сондай-ақ құжатты өзіңіз таңдаған ХҚКО-дан ыңғайлы уақытта алып кете аласыз.
Дарибаев Данияр Куанышбаевич
Халыққа қызмет көрсету бойынша Арал аудандық бөлімінің маманы