Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
Кәсіпорынның болжамына қарағанда, атлантикалық циклон ойпатының ықпалымен және атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның басым бөлігінде жауын (жаңбыр, қар) жауады.
Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады. Тек батыста, солтүстік-батыста, оңтүстікте және елдің орталығында антициклон сілемінің әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, кей жерлерде жел күшейюі ықтимал.
Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады.