Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

РМК-сы қазанның 19-ы күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, 19-қазан күні атлантикалық циклон ойпатының ықпалымен және атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады (жаңбыр, қар), Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында күндіз нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады. Тек Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында антициклон сілемінің әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.

Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында желдің жылдамдығы секундына 23-25 метрге дейін күшейюі мүмкін.

19 қазан 2022 ж. 202 0