Арал теңізінің соңғы кемесі
Бүгінгі әсем шаһарымыз Аралға сырттан қыдырып келген қонақтарға осы қала тұрғындар¬ының мақтаныш етіп ертіп барып көрсетер жері бұрынғы қалаға дендеп кіріп жатқан теңіздің шы¬ғанақ-қолтығының табандығына орналасқан «Балықшылар» мұра¬жайы. Асау толқындары мен ақ¬бас толқындары күміс көбігін ас¬панға атып, жағалауын кернеп жататын кешегі көкшалқар ай¬дын¬ның бүгінгі халіне жаның ау¬ырғанмен де, осы музейге кіріп, өткен шақтарды көңілге қайта оралтқандай күй кешесің. Ұлы теңіздің арнасынан асып, тірші¬лік қазанын қайнатқан берекелі де мерекелі кезінің құнды жәді¬герлері музейге келушілерге көп-көп мазмұнды естеліктер сый¬лай¬ды. Жаңа технологиялық мүм¬кіндіктер арқылы өткен ғасырға аттап, айдынды теңіздің ең бір кемеріне келіп, кемелдене толып тұрған сәттерін көзбен көргендей болады.
Музейдің кең ауласында за¬манында көк теңіздің айдынында еркін жүзген «Лев Берг», «Төлеген Әлімбетов», «Төлеген Тоқтаров» кемелері ашық алаңға қойылған. Осы кемелер кезінде теңіздің өн-бойын шарлаған жүздеген алып қайықтардың айбынды шағынан белгі беріп тұрғандай. Қайта су келсе, толқындарды қақ жарып жүзіп кетердей. Иә, шынымен де осындағы әрбір экспонатқа тіл бітсе, қаншама қатпарлы тарих, Аралдағы балық шаруашылығы өндірісінің даму кезеңдері, ерсі¬лі-қарсылы жүзген кеме қатына¬сы, тарлан теңізшілер, байырғы балықшылар туралы өткен күннің парақтары біртіндеп ашылар еді.
Әлгі үш кеменің бірі –«Төлеген Тоқтаров» теңізде ондаған жыл¬дар қызмет еткен «Арал балық өн¬дірісі» бірлестігінің ең соңғы боп тоқтаған кемесі екенін кейінгілер біле ме екен деп ойлаймын. Бұл – өз алдына бір тарих. Экология¬лық апаттың салдарынан болған жәй. Кеменің ең басты тұлғасы – оның капитаны. Аталмыш кеменің капитанын іздестірдік. Қолымда осы кеменің капи¬та¬ны болған Сәндібек Әлиевтің қоңыр мұқабалы «Еңбек кітапшасы» тұр. Осы еңбек кітапшасында 1979 жылы 22 наурызда жылдағы үрдіспен кезекті бастау алатын теңіз навигация¬сының ашылмау¬ына байланысты «Төлеген Тоқ¬тар¬ов» кемесінің эки¬пажы бір-жолата таратылып, кеме капитаны осынау өндір¬істік бірлестіктің көп бөлімдері¬нің біріне жұмысқа ауысуына бұйрық берілген, мөр басылған. Бұл жылдары теңіздің тартылуы көзге көрініп, Арал балықшылар¬ының қияндағы аймақтарға, жер-жерге үдере көше бастаған алма¬ғайып уақыты еді.
Міне,осылайша Арал теңізінің соңғы кемесі сортаң жағалаудың қайыр құмына тұмсық тіреп тоқ¬тап, ең соңғы кеме капитаны капи¬тандық формасын шешіп, қара¬пайым азаматтық қызметші киім¬іне ауыстырды.
Осылайша бір ғасырдай уақ¬ытқа созылған теңіз қатынасының алғашқы капитандары Айнаш Айдәулетов, Әбдірейім Байқа¬да¬мов сынды айбындылардан бас¬талған қаншама ержүрек теңізші¬ аға буынының ғажайып өмірі, еселі еңбегі тарих беттер¬іне айналды.
Теңіздің бір қойнау¬ын¬¬дағы, алыстағы Көзжетпес арал¬ында туып, теңізге шомылып, еспенің суын ішіп, буыны қатып, бойы бекіген жас жігіт Сәндібек мектеп бітірген соң, өмір жолының теле¬гей теңізбен байланысты болаты¬нын білген еді. Талапкер бозбала Эстония жерінде Балтық теңізін де көріп, көкірегінде теңізге де¬ген мәңгілік махаббат оянды. Әс¬керден келген соң Арал қаласына оралып, Балық комбинатының түрлі қол жұмыстарын істеді. Комбинаттың портында күндіз-түні үлкенді-кішілі ондаған түрлі кемелер гудоктарын азынатып келіп, тонна-тонна су маржандар¬ын түсіріп, қызу еңбек жүріп жа¬та¬тын. Тоңазыту цехының жай жұмысшысы сол кемелерге, оның форма киген экипаж мүшелеріне, сұңғыла бойлы қайсар капитан¬дарына әрқашан қызыға қарай¬тын.
Жас жігіттің көкірегін тербе¬ген арман көп ұзамай іске асты. «Вос-точный» кемесіне рөл ұстаушы болып тұрды. Сөйтіп айдын төс¬індегі рейстер басталды. Шетсіз-шексіз ұлы айдын да өз перзен¬тінің кеме бағыттаушысы болған¬ына қуанғандай тербеле толқып жататын. Елгезек жігіт бірде бүк түсіп тынып, ал бірде ашуға мін¬гендей долданып жататын теңіз¬дің сырын күн өткен сайын ұғына бастады. Асау толқындармен ар-палысып та көрді. Кемешінің қи¬ын жұмы¬с¬ынан шынығып, нағыз теңізші болып қалыптасты.
Ол жылдары қыста, нави¬га¬ция тоқтаған кезде кемеші ма¬ман-дықтарына Арал оқу комби¬наты бірнеше ай бойы оқытып, алған біліміне сай диплом, куә¬ліктер беру – стратегиялық маң¬ызы бар жұмыстар болатын. Оларға білікті инженерлер, тех¬нологтар, капитандар сабақ бер-етін. Еңбек кітапшасы айқындап тұрғандай, Сәндібек Әлиев те осындай біліммен қарулану бас¬палдақтарынан өткен екен. 1966 жылдың көктемі туғанда ол 200 аттық күші бар кеме капитан¬ының екінші көмекші маманды¬ғын алыпты. Арал-Балқаш мем¬л嬬кеттік балық флоты инспек¬циясы берген құжатта осы курс¬ты екінші мәрте оқып, жақсы емтихан тапсырған жағдайда 100 аттық күші бар кемеде капи¬тан, ал 200 аттық күші бар кемеде капитанның көмекшісі қызмет¬терін атқара алатындығы көрсе¬тілген. Осы кәсіптік оқу барыс¬ын¬да «Навига¬ция», «Лоция», «Флотты пайда¬лану техникасы», «Теңіз уставы мен құқығы», «Өндірістік балық аулау», «Кеме гигиенасы» сияқты пәндерден өте жақсы баға алған. Осы нақты теориялық білімінің жақсы бағаланғандығынан бол¬ар, оны «Восточный» кеме капи-танының екінші көмекшісі етіп тағайындапты. Бұл жылдары тең¬із жағасындағы елді мекен¬дер¬інде 17 балық колхозы, 10 ба묬ық өңдейтін зауыты, 2 балық комбинаты жұмыс істеген. Міне, осы балық өндірісінің негізі бо묬ған елді мекендерге "Вос¬точный" кемесінің қаншама мәрте барып келгенін кім санаған. Әйтеуір ерте көктемнен қыс басында мұз ұстасқанша кеме экипажы үнемі рейсте болатын. Кеме капитаны¬ның көмекшісі ретінде Сәндібек өз қызметтерін асқан жауапкер¬шілікпен орындап отырды.
Кеме қатынасы үздіксіз оқу¬ды талап етеді. Ізденіп оқып, өзін¬дік білім көтеру де маңызды. Оқуға деген, білуге деген ынтасы зор Сәндібек 1971 жылы Арал оқу комбинатында кеме жүргіз¬у¬ші¬лердің квалификация көтеру курсында тағы да оқып, барлық пәндерін үлгілі дәрежеде тап¬сыр-ып, кеме капитаны қызметін ат¬қару құқығын алды. Теңізді сүй¬ген арманшыл жігіттің жүрегі шаттыққа толып, жаңа бе묬естерге жол ашылды. Осы жыл¬дары кемелердің бірінен соң бірі тоқтап жатқаны шындық. Капи-тандар¬дың, басқа да кемешілердің жасы жеткен үлкендері зей¬нетке шығып жатса, одан кейінгілері жұ쬬ыстан қысқар¬тылды. Осы уақ¬ыт¬та Арал балық өндірісі бірлесті¬гінің басшылары білімді жас капитанға сенім білдіріп, «Төлеген Тоқтаров» кемесінің капитаны етіп тағай¬ындады. Бұл кеме шағын болса да, қызметтік маңызы зор болатын. Кейін жағалаудағы бал-ықшы ауылдарға қатынайтын жал¬ғыз кеме болып қалды. 1970жыл¬дары теңіздің тартыла бастағаны анық белгілі болды. Кей тұстары теңіз суы жағалаудан тіпті қаш¬ықтап кетті. Сондықтан да кеме капи¬таны мен экипаж мүшелері¬нің жауапкершілігі арта түсті. Кеме қайраңға түсіп қалса, оны шығару әсте мүмкін емес еді. Осы тұс¬тарда өзінің біліктілігімен, ас¬қан шеберлігімен қауіпсіз қозғал¬ыс¬ты жолға қойған жас та болса Сәндібек Әлиұлын жұрт «Нағыз біздің капитан» деп атайтын. Он жылдай теңіз үстінде еркін жүз¬ген ол су астының қауіпті аймақ¬тарын да жатқа білетін. Және де жылдың әр мезгіліндегі теңіздің әдетте тосыннан танытар «мінезі-нен» де сыралғы болып алған. Теңізде жүзу туралы әңгіме қоз¬ғалғанда әріптестері үнемі одан ақыл-кеңес сұрап отыратын.
Өкінішке орай, Арал теңізінің суы тартылып, экологиялық апат аймағына айналды. Көптеген ар¬мандар үзілді. Жағалай қонған ауылдар жойыла бастады. Кешегі майталман балықшылар қазақ жеріндегі басқа балық шаруашы¬лығы бар елдерге қоныс аударды. Су маржанын сүзуді өмірлік кәс¬іп қылған балықшылардың ұр¬пақ¬тары Балқаш, Зайсан көлдері-не, сондай-ақ Шелектегі, Тараз қаласы маңындағы балық өсіру тоғандарына лек-лек болып көшті.
Кешегі кеме капитаны туған жерден алыстағысы кел¬меді. Отыз тоғыз жасында ка¬пи¬тандық формасын шешкен соң, «Арал балық өндірістік» бірлес¬тігінің ыстау цехында аға балық өңдеу шебері болып жұмыс атқар-ып, өмірі басқа арнаға бұрылды. Қиыншылыққа толы бұл жылда¬ры теңізден балық аулау тиыл¬ғандықтан, алыстағы мұхиттар¬дың су маржандарын әкеліп осын¬да өңдейтін. Өйткені ең маң¬ыздысы Аралда сол кездегі Одаққа аты мәлім ыстау цехы мен осы саланың білікті кәсіп иелері болатын. Бұл жұмыстың басы-қасында жүргенмен де, теңізші азаматтың санасынан ұлы айдынның қай¬та келуге деген үміт шырағы ешқашан өш¬кен емес-тін. Бір жылы Алматыда Қазақ теле¬ви¬зиясы ұйымдастыр¬ған экология¬лық мара¬фон-акцияға қатысып, өзінің кемел ойын ортаға салғаны бар. Тікелей эфир бүкіл Қазақстан аумағына бір күн бойы хабар та¬ратып, Арал теңізінің ауыр тағды¬рын тақырыптың өзегі етті. «Арал тағдыры – адам тағдыры» деген ұр¬ан көтерілді. Осы ұран әлем мемлекеттерінің назарын құрға¬ған теңізге аударды. Енді Аралды құтқару мәселелері көтерілді. Жақ¬сы жобалар айтылды. Арал¬ды сақтау – ұрпақтар борышы екені белгілі болды.
Бүгінде ұлы айдын орнына келмегенімен де, ел-халықтың үмітінің сарқылмас сарқытын¬дай болып Көкарал бөгеті салынып, Кіші теңіз толды. Көне жағалауларды ақ көбікті тол¬қындар ұра бастады. Алда Кіші Аралда кемелер қайта жүзер күндер алыс та болмас.
Ерғали АБДУЛЛА,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.