Биыл теңіздің құрғаған ұлтанында 100 мың га сексеуіл егу жоспарлануда
Шөлді аймақта орналасқан Қызылорда облысы жері аумағының 90%-ын сексеуілді орманды алқаптар құрайды. Бір түп сексеуіл төрт тонна құмды тоқтата алады.
Арал теңізінің құрғаған ұлтанының жалпы көлемі 4,5 млн. га құрайды, оның ішінде 2,2 млн. га Қазақстан аумағында орналасқан. Осы аумақтағы мемлекеттік орман қоры 768,7 мың га құрайды.
Теңізінің тартылуынан жыл сайын ауаға 75 млн. тонна тұз бен топырақ ұшып экологиялық апат тудыруда. Осыған сәйкес бүгінгі күні құм мен топырақты тоқтатудың бірден бір жолы теңіздің құрғаған ұлтанында галофиттік өсімдіктерді, оның ішінде сексеуіл мен сарысазан өсіру екенін көрсетті.
Мемлекет Басшысының Арал теңізінің құрғаған ұлтанында алдағы 5 жыл ішінде 1,1 млн. га сексеуіл екпелерін ұлғайту жөнінде шаралар кешенін қабылдау туралы тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың күз айында теңіздің құрғаған ұлтанында 100 мың га сексеуіл егу жұмыстары жоспарлануда.
Осыған байланысты, басқармаға қарасты орман шаруашылығы мекемелері сексеуіл тұқымдарын жинау жұмыстарын жүргізуде.
kyzylorda-news.kz