Арал теңізінің ұлтанына 2 млн-ға жуық көшет отырғызылды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Исатай Абдразахов мәлімдеді.
«Кешенді жоспарға сәйкес, 2021-2025 жылдар аралығында Арал теңізінің құрғаған ұлтанында жалпы аумағы 401,8 мың га жерге орман мелиорациялық жұмыстар жүргізу көзделген. Оның ішінде, 38,1 мың га көшетпен отырғызу, 363,7 мың га әуеден және жерден тұқымнан себу арқылы сексеуіл екпелерін жасау. Осы жұмыстар жүргізілген жағдайда барлығы 328,7 млн. дана ағаш көшеттерін өсіру жоспарлануда»,-деді Исатай Абдразахов.
Мамыр айында Инспекцияның ұйымдастыруымен Республикалық селекциялық тұқым өсіру орталығы, Қазақ орман шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының мамандарынан құралған арнайы экспедиция жұмыс жасады. Қазіргі кезде облыстық жұмысшы тобымен тексеру жұмыстары жүргізілуде.
syr-media.kz