Арал теңізінің ұлтанына 180 мың түп сексеуіл көшеті отырғызылды

Жалпы облыста жыл соңына дейін 14,3 мың гектарға сексеуіл көшеттері егіледі.
Жоспарланған көлемнің 1000 гектарына көктем айларында, ал 13,3 мың гектар жерге агротехникалық талаптарына сәйкес күзде сексеуіл тұқымдары себіледі.
Мемлекет басшысы алдағы 5 жыл ішінде, орман қорында 2 млрд. және елді мекендерде 15 миллионнан астам ағаш отырғызуды тапсырған болатын. Соған сәйкес, аймақта орман өсіру көлемін ұлғайтудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленді. Яғни, алдағы 5 жылда Арал теңізінің құрғаған ұлтанының 213 мың гектарына 177,5 млн. сексеуіл көшеті отырғызылады.




Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі