Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ана мен баланың жағдайын жақсартатын Әлеуметтік кодекс әзірленді

Ана мен баланың жағдайын жақсартатын Әлеуметтік кодекс әзірленді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік кодекстің жобасын әзірледі.

Әлеуметтік кодексті әзірлеудің мақсаты азаматтардың өздерінің әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін іске асыруы үшін институционалдық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасау болып табылады. Жаңа кодекстің негізгі мақсаты – бұл халықтың түсінуін жеңілдету үшін осы саладағы қолданыстағы заңнаманың барлық нормаларын бір құжатта шоғырландыру. Әлеуметтік кодекс азаматтардың ұсыныстарын ескере отырып, адам өмірінің әрбір кезеңіне қатысты бөлімдерді қамтиды. Бұл қазақстандықтарға мемлекеттік қолдау шараларын оңай түсінуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік кодекстің жобасында «Отбасының цифрлық картасын енгізу»,«Жұмыспен қамтудың саясаты»,«Жаңа көші-қон саясаты»,«Балалы отбасыларға қолдау көрсету шаралары», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту», «Қазақстанда зейнетақы төлемдерін арттыру» қамтылған.

Оның ішінде «Отбасының цифрлық картасын» енгізу бойынша:

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап пилоттық режимде Отбасының цифрлық картасын енгізу басталды. Іс жүзінде «Отбасының цифрлық карта» – бұл əлеуметтік мəртебесіне байланысты, кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алу құқықтары туралы ақпарат беретін азаматтардың күн сайынғы «электрондық хабарлаушысы және ол көрсетілетін мемлекеттік қызметтің проактивті форматының тағы бір жаңа құралы. Яғни, мемлекет азаматқа ақпараттық жүйе арқылы тиісті органдарға жүгінбей-ақ мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуды өзі ұсынатын болады.

«Отбасының цифрлық картасы» – қалай жұмыс істейді?

Бастапқы кезеңде мемлекеттік органдардағы ақпараттық жүйелердің деректері негізінде отбасылардың əл-ауқат деңгейі мен оларға тиісті мемлекеттік қолдау шараларын айқындау бойынша жұмыс жүргізілді. Қазірдің өзінде цифрлық картада отбасы жəне оның мүшелері туралы деректер қамтылып «отбасы портреті» қалыптастырылды. Карта деректері отбасы жəне оның мүшелері мəртебесінің өзгеруіне қарай жаңартылып отырады.

Мемлекеттік қолдау шараларын алу құқығы белгіленген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім алу үшін əлеуетті алушыға СМС-хабарлама жіберіледі. Келісім алғаннан кейін – əлеуметтік жəрдемақы, төлемдер немесе мемлекеттік қолдаудың басқа түрлері тағайындалып, кейін алушының банк шотына аударылады.

Жоба кезең- кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастапжəрдемақы мен əлеуметтік төлемдердің 9 түрі бойынша жаңа форматта қызмет алу мүмкіндігі ұсынылды;
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастаптізбе əлеуметтік қорғау саласындағы қызметтермен кеңейтілетін болады.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастапденсаулық сақтау жəне білім беру салаларындағы мемлекеттік кепілдіктер енгізілетін болады.
2025 жылдан бастапмемлекеттік кепілдіктердің барлық түрлері қамтылатын болады.

«Балалы отбасыларға қолдау көрсету шаралары» бойынша:

Қазіргі уақытта балалы отбасыларды қолдаудың қолданыстағы моделі мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдердің 6 түрін қамтиды. Жаңа Әлеуметтік кодекстің жобасында да осы әлеуметтік қолдау шараларының барлығы толық сақталған.
Оған қоса, балалы отбасының жекелеген санаттарын қолдаудың қолданыстағы шараларын күшейтуге бағытталған бірқатар жаңалықтар енгізілуде.

Ең негізгілерінің бірі – 01.01.2023ж. бастап бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімі бір жылдан бір жарым жасқа дейін ұзартылады. Ата-аналары балалардың ең маңызды сәби шағында жанында көбірек болады. Аталған норма жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін ата-аналарға да қолданылады. Бұл құқықты 500 мыңға дейін ата-ана пайдаланатын болады.

Бала күтімі бойынша жәрдемақы алуға үміткер әрбір ата-ана оның әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі неғұрлым көп болса, төлем мөлшері соғұрлым жоғары болатынын білуге тиіс. Бұл төлем бүгінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар жүргізілген табыстың 40%-ын құрайды. Ал жұмыс істемейтіннемесе бала туылғанға дейінгі соңғы екі жылда 6 айдан кем жұмыс өтілі бар ата-аналар жәрдемақы мен төлемдерге тек мемлекеттік бюджеттен ғана үміткер бола алады. Жаңа Әлеуметтік кодекс жобасы бойынша осы санаттағы отбасыларды қолдау үшін төлемдер тоқтатылмайды және республикалық бюджеттен төленетін жәрдемақы мөлшеріне сәйкес төленетін болады.

«Наградталған аналар» мәртебесін енгізу.

Əлеуметтік кодекс жобасына көп балалы ананың сіңірген еңбегін құрметтеу жəне тану ретінде өмір бойы «Күміс алқа», «Алтын алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І жəне ІІ дəрежелі «Ана даңқы» ордендері бар əйелдерге «Наградталған аналар» мәртебесі деген жаңа ұғым ензіледі.

Әлеуметтік әділеттілікті орнату үшін наградталған аналарға берілетін жәрдемақының мөлшері сараланатын болады. Бүгінде 6, 7 жəне одан да көп бала туып, тəрбиелеген аналар бірдей мөлшерде жəрдемақы алуда. Əлеуметтік Кодекс қабылданғаннан кейін, «Алтын алқамен» наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналар үшін жәрдемақы мөлшері 6,4 АЕК-тен 7,4 АЕК-ке дейін ұлғайтылады.

«Қазақстанда зейнетақы төлемдерін арттыру» бойынша:

Қазіргі уақытта Республикада 2,2 млн. адам зейнеткерлер болып табылады, оның ішінде:

1998 жылға дейін зейнеткерлікке шыққан, базалық және ынтымақты зейнетақы алатын365 мың адам. 1998 жылдан кейін зейнеткерлік жасқа жеткен 1,9 млн.адам. Олар бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақы және БЖЗҚ-дан жинақтаушы зейнетақы төлемдерін алады.

Бірінші санаттағы зейнеткерлердің еңбек өтілі толық және олардың зейнетақысының орташа мөлшері айына 125 мың теңгеден асады.

Екінші санатта – жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшу кезеңіндегі зейнеткерлер және олардың бірінші санатпен салыстырғанда зейнетақы мөлшері төмен.

Себептеріне тоқталсақ, бюджеттен ынтымақты зейнетақы тағайындау кезінде қолданылатын 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жинақталған еңбек өтілінің қысқаруы. Бүгінде зейнеткерлік жасқа жеткен адамдардың 40%-ға жуығы толық еңбек өтілі жоқ. 1998 жылдан бастап жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу мерзімінің қысқа болуына байланысты, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының мөлшері жеткіліксіз.

Бұл алдағы жылдары бір жағынан зейнеткерлердің көбеюі және зейнетақы жүйесіне жұмсалатын шығыстардың ұлғаюы күтілсе, екінші жағынан орташа зейнетақының төмендеуі күтілетіндігін білдіреді. Осы тәуекелдерді алдын алу үшін

Президенттің 01.09.2022 жылғы Жолдауында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар топтамасы ұсынылды.

Оның біріншісі – 2023 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын 61 жас деңгейінде жоспарланған ұлғайтуды 5 жылға тоқтату. Бұл шара коронавирустық пандемияның азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына кері әсерін ескере отырып қабылданды.

Алдағы 5 жылда денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру шаралары қолға алынады. Бұл ретте ауыл медицинасына, азаматтардың денсаулығын қалпына келтіруге және қолдауға бағытталған оңалту орталықтары желісін құру мен кеңейтуге ерекше көңіл бөлінетін болады.

Келесі шара қамтамасыз етеді:

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ынан 70%-ына дейін, ең жоғарғысын – тиісінше 100 %-дан 120 %-ға дейін кезең-кезеңімен жеткізу. Осы кезеңде базалық зейнетақы мөлшері орта есеппен 51%-ға дейін артатын болады.

Бұл ретте, базалық зейнетақының орташа мөлшерінің жыл сайынғы өсуі шамамен 13%-ды құрап, барлық 2 млн. зейнеткерді қамтитын болады.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңадан шығатын зейнеткерлер үшін ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін ең жоғары табыс мөлшерін 46-дан 55 АЕК-ке дейін арттыру.

Ұсынылып отырған шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ға өсіруге(3 жыл ішінде – 109 мыңнан 138 мың теңгеге дейін) және жиынтық зейнетақыдағы мемлекеттік төлемдердің үлес салмағын арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша, мемлекет қарт адамдар арасында кедейліктің өсуіне жол бермеу үшін шаралар қабылдайды.

Үшіншіден, қосымша зейнетақы жарналарын жұмыс берушілердің есебінен, кезең-кезеңімен – 2023 жылғы 1,5%-дан 2027 жылға қарай 5%-ға дейін енгізу.

Бұл шара жас ұрпақты (1975 жылдан кейін туған) қолдауға мүмкіндік береді, олардың зейнетақысы тікелей зейнетақы жарналарына тәуелді болады. Олардың зейнетақысы үш құрамдас бөліктен тұратын болады: мемлекеттен алынатын базалық зейнетақы, өз жарналары есебінен жинақталатын зейнетақы және жұмыс берушілердің жарналары есебінен шартты түрде жинақталатын зейнетақы.

Шартты зейнетақының жаңа құрамдас бөлігі басқа екі компоненттің артықшылықтарын қамтиды:ол жинақталатын жүйедегідей аударымдардың мерзімін, аударымдардың жалпы сомасын белгілейді, ал ынтымақтастығы жүйесіндегідей алынған қаражат жүйеге 1975 жылдан кейін туған және зейнеткерлік жасқа жеткендерге зейнетақы төлеуге жұмсалады.
Бұл жүйе бойынша зейнетақы өмір бойы төленетін болады.

Осылайша, қазіргі жас ұрпақты зейнетақымен қамтамасыз ету үшін мемлекет, жұмыс беруші және қызметкердің өзі бірлесіп жауапты болады.

Бұл әлемдік тәжірибе, сонымен бірге әрбір жұмыс берушінің әлеуметтік жауапкершілігі.

Т.Жолымбетов,
Еңбек және әлеуметтік қорғау
Комитетінің Қызылорда облысы
бойынша департаменті басшысының
әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары

kyzylorda-news.kz
28 қазан 2022 ж. 320 0