Қазақстанда әр отбасының цифрлық картасы құрылады

Нақтырақ айтқанда, цифрлық картаның көмегімен әр отбасыда неше адам барын, әрбір мүшесіне шаққандағы орташа табысын, жұмысқа жарамсыз жандардың бар-жоғын, баспана, денсаулық жағдайы сынды түрлі факторды анықтау мүмкін болмақ. Осылайша, қандай да бір әлеуметтік көмек қажет болған кезде, құзырлы мекемелерге қағаз тапсырып, отбасыдағы жағдайды растау қажеттігі жойылады. Ербол Оспанов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі: – Отбасының цифрлық картасы азаматтардың деректерін автоматы түрде өңдейтін болады. Азаматтардың осал санаттары, мемлекеттік әлеуметтік көмек, өзге де қолдау түрлерін алуға өздеріні құқықтығы туралы азаматтрдың көбі біле бермейді. Сондықтан негізгі мақсат – мұқтаж отбасыларға мемлектет тарапынан көрсетілетін қызмет түрлерін проактивті, өтінішсіз және уақытылы қанағаттандыруға болатын механизм. Деректер мемлекеттік органдардың автоматты интеграциясы жүйесі негізінде қалыптастырылады.
24.kz