Рақымшылықпен босағандар қандай жұмысқа тұра алмайды?
ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев Сенат кулуарында рақымшылықпен босаған азаматтардың мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдарына жұмысқа тұра алмайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қолданыстағы заңға сәйкес мемлекттік қызметке және құқық қорғау қызметіне ондай адамдар жұмысқа алынбайды. Олардың соттылығы туралы анықтамасында «рақымшылық шарасы қолданылған» деген жазу тұрады», – деген Бас прокуордың орынбасары рақымшылыққа іліну мен ақталып шығу екі бөлек ұғым екенін еске салды.
«Рақымшылық жасаған адамдар ақталған деп саналмайды. Бұл ақтауға негіз болмайды. Сондықтан рақымшылыққа байланысты жазадан босатылған адамдар үшін заңнамада белгілі бір шектеулер бар. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет және құқық қорғау қызметі туралы заңнамада рақымшылық жасау актісі қолданылған адамдар мемлекеттік қызметке, құқық қорғау қызметіне кіре алмайды деп көрсетілген. Бірақ бұл шектеулердің рақымшылыққа ілінгендердің туыстарына ешқандай қатысы жоқ», – деді Әсет Шындалиев.