Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақжарқын Тұрлыбай рақымшылыққа іліге ме?

Ақжарқын Тұрлыбай рақымшылыққа іліге ме?

Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылса, рақымшылыққа ілігуі мүмкін, деп хабарлайды 24.kz.
Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов осылай деді.
Ахметжановтың айтуынша, қазір отандасымыз Қытай сотының үкімімен келіспей, аппеляциялық шағым түсірген. Осы процесс аяқталған соң бас прокуратура өкілдері отандасымызды елге қайтарып алу мәселесімен айналысады. Қазір Қазақстан мен Қытай арасында сотталғандарды экстрадициялау туралы келісім бар. Соның негізінде Ақжарқын Тұрлыбайды елге алдыруға мүмкін болады. Егер елге қайтып, рақымшылық науқаны өткізілсе, істі болған қазақ қызына кешірілім берілуі әбден мүмкін. Біздің тарап қазір Қытай сотының шешімі заңдық күшіне енгенін күтіп отыр.
«Біз ресми түрде Қытай мемлекетіне ондай арыз-шағым түсіп жатқан кезде егер ол кісілер жазасын Қазақстанда өтейміз десе, сұрау жібереміз. Біздің шарттар бойынша егер Қазақстанда рақымшылық болса, әрбір келісімде әр түрлі жазылған (қандай мемлекетпен қалай келісеміз), ондай мүмкіндіктер бар толық», – дейді ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.

05 ақпан 2020 ж. 817 0