Ақпарат министрімен кездестік

Біз секілді болашақ журналистермен кездескен министр ақпарат саласының маңыздылығы, журналистерге қойылатын талаптар туралы сөз қозғады. Бұл жөнінде білім сапасын арттырып жатқан біздер үшін министрдің тұщымды ойы мен келелі кеңестері көптеген мүмкіндіктерге жол ашатындай. Әсіресе өмірлік ұстанымдар мен маңызды бастамаларда.
– Білімді әрі ізденімпаз, тақырыпты тереңірек зерттейтін журналист қай кезде де сұранысқа ие. БАҚ өкілдері – билік пен халық арасындағы дәнекер. Сөз ұстаған адам қай жерде де қадірлі болады. Бірақ сол сөзді салмақтап, жауапкершілікті сезіне білу керек. Қазіргі кезде сала мамандарының көбіне кәсібилік жетіспей жатады. Журналистің «төртінші билікке» айналуы сөз шебері болуына емес, ізденімпаздығына, сол саланы жетік білуіне байланысты. Сондықтан журналистер магистратура оқығанда, белгілі бір салада, мәселен заң, экономика сынды мамандықта білім алып, машықтанса қай жерде де орын бар, – деді Дархан Қуандықұлы.
Расында кәсіби сала бойынша толыққанды білім алып, оны тәжірибиемен ұштастырған жастар үшін сұраныс қай жердеде жоғары. Менің ендігі ұстанымым да осы болмақ. Өзім секілді дарынды жастарды бір арнаға тоғыстырып, қияға қанаттандырар қара шаңырақ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің бағыты айқын, бәсі биік деп білемін.
Жиын барысында студенттер болып министрге сұрақтар қойып, ұсыныстарымызды жеткіздік. Сөзге шешен, бұл саланың білгірі ретінде министр Д.Қыдырәлімен болған ашық әрі еркін кездесуде көкейде жүрген көптеген сұрақтарға жауап алдық.
Айтілес Жайшылық,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті