Тапқыр оқушының ерекше "шпаргалкасы" жұртты тамсандырды – фото

Суретті rocotaco42 деген қолданушы жариялапты. "Мұғалім тестіге 3*5 көлемінде бір қағаз алып кіруге рұқсат бергенде", - деп жазған ол.
When the teacher says you can bring one handwritten 3x5 notecard for the test. from r/pics"Шпаргалка" бірінің үстіне бірі қабаттасып жазылған екі мәтіннен тұрады. Біріншісі көк түсті сиямен, екіншісі қызыл сиямен жазылған. Көк және қызыл түсті мөлдір пластиктердің көмегімен оқушы екі мәтінді де еш қиындықсыз оқи алады.
Бейтаныс оқушының тапқырлығы желі қолданушыларының жағасын ұстатты. Бірнеше сағатта сурет жүз мыңнан аса лайк жинапты. Жазбаның астында қолданушылар мектепте мұғалімдерін қалай алдағанын еске алып, пікір қалдыруда.