Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ажар Ғиният Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапармен барды

Ажар Ғиният Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапармен барды

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Шығыс Қазақстан облысына екі күндік жұмыс сапарымен барды, одан әрі Абай өңіріне баруы жоспарлауда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аймақ бойынша сапар бағдарламасы Өскемен қаласындағы облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығына барудан басталады, содан кейін министр Прапорщиково ауылының дәрігерлік амбулаториясының және ШҚО Глубокое ауданының аудандық ауруханасының жұмысымен танысады. 
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы өңірге сапарының бірінші күні облыс тұрғындарымен есеп беру кездесуін, облыстық ауруханада азаматтарды жеке қабылдауды жоспарлап отыр, сондай-ақ өңірлік коммуникация қызметінің алаңында журналистердің сұрақтарына жауап береді.
baq.kz
09 қараша 2022 ж. 465 0