Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасы банк: Депозиттер бойынша өтемақы алуға өтініш қабылдануда

Отбасы банк: Депозиттер бойынша өтемақы алуға өтініш қабылдануда

Отбасы банкі осы жылдың 1 қазанынан бастап депозиттер бойынша өтемақы алуға өтініш қабылдауда. Өтінімді 2023 жылдың 1 қаңтарын қоса алғанға дейін беруге болады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте «Отбасы банкі» АҚ Қызылорда облыстық филиалының директоры Әділжан Сәулебаев мәлімдеді, - деп жазды kyzylorda-news.kz .
Отбасы банкінде ашылған азаматтардың депозиттері тиісті теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасына қатысады. Яғни Отбасы Банкінің салымшылары 2022 жылдың 23 ақпанына дейін жинаған өз салымдарының 10 пайызын алады деген сөз.
«10 пайыз көлемінде өтемақы төленетін ең жоғарғы сома - 20 миллион теңге. Бұл бір банкте ашылған барлық депозиттің жалпы сомасы. Яғни бұл жағдайда 2 миллион теңге өтемақы алуға болады. Банк мәліметіне, 2022 жылдың 23 ақпанындағы жағдай бойынша Отбасы банкінде жалпы көлемі 1,6 триллион теңгеге 2,3 миллион жинақ шоты болды. Бекітілген ережеге сәйкес, өтемақы өтініш беру арқылы төлем келісімін растаған салымшыларға ғана төленеді. Бұл процес онлайн режимде істейді. Яғни www.otbasybank.kz мекенжайы бойынша Баспана маркет жылжымайтын мүлік порталындағы жеке кабинетте беруге болады»,-деді Әділжан Рахымжанұлы.
Айта кететін жайт, жақын туыстарға (тегін) тағайындалған салымдар, сондай-ақ біріктірілген депозиттерге де өтемақы беріледі.


10 қараша 2022 ж. 505 0