14 қараша - Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні

Сондай-ақ, ТМККК шеңберінде, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің № 75 бұйрығына сәйкес, қант диабетімен ауыратын науқастарға 23 дәрі-дәрмек және 7 медициналық мақсаттағы бұйым, оның ішінде шприц - қаламға арналған инелер, бір реттік инсулиндік шприцтері, несептегі кетондіқ денелерді анықтауға арналған тест-жолақтары, қандағы глюкозаны анықтауға арналған тест-жолақтары, инсулин помпалары, инсулиндік помпаларға арналған инфузиялық жинақ, инсулиндік помпаларға арналған резервуар тегін беріледі. Барлығы әртүрлі мөлшерде және көлемде.
Басқаша айтқанда, шұғыл араласуды және байыпты мемлекеттік реттеуді талап ететін барлық нәрсе ТМККК есебінен, ал тегін қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс қосымша қызметтер – МӘМС есебінен қамтамасыз етіледі.
Көпшілігінде қант диабеті скрининг кезінде анықталады. Осыған байланысты дәрігерлер оны назардан тыс қалдырмауға кеңес береді. Шынында да, кез-келген сырқаттың диагнозы ертерек анықталса, емдеу соғұрлым сәтті болады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі