ТМККК және МӘМС пакеттері: Айырмашылығы неде?

Бақыт Исмаханбетов атап өткендей, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі – бастапқы және шұғыл медициналық көмек. Ол үшін өз қалтаңыздан төлем жасаудың қажеті жоқ. Себебі МӘМС жүйесіне қатысқаныңызға қарамастан, сізге мемлекет кепілдік береді.
Бұл пакетке:
•паллиативті көмек
•туберкулез кезіндегі медициналық оңалту
•Д-есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар және созылмалы аурулары бар пациенттерді диспансерлік бақылау, емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету кіреді
•созылмалы әрі әлеуметтік маңызы бар және Д-есепте тұрған аурулары бар пациенттерді диспансерлік бақылау, емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету
•инфекциялық және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын пациенттерді емдеу
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – медициналық көмектің кеңейтілген пакетіне қол жеткізетін әлеуметтік медициналық сақтандыру. Пакетіндегі медициналық көмектің көлемі төлем жасаушының кірісіне немесе жүйеге төленетін жарналардың мөлшеріне байланысты емес.
МӘМС – бұл:
•салалық мамандардың кеңестері
•диагностикалық тексерулер
•амбулаториялық деңгейде емдеу
•күндізгі және тәулік бойғы стационарларда емделу
•қымбат тұратын медициналық қызметтер
•медициналық оңалту
•дәрі-дәрмекпен қамту және МӘМС
Егер ТМККК және МӘМС пакеттеріне қатысты қосымша сұрақтарыңыз болса, сіз оларды жергілікті дәрігерге немесе өз емханаңыздағы Пациенттерді қолдау қызметіне қоя аласыз. Сондай-ақ, ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгінуге болады: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.

Айгүл Аханова,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы